
16 сәуірде Сандықтау ауылында Жабай өзенінде су деңгейі көтеріліп, Заречная көшесінде орналасқан жеті үй мен ауланы су басқан. Олардан 17 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланып, мектепке орналастырылған.
Әйелдің жансыз денесі Набережная көшесіндегі тұрғындарды эвакуациялау кезінде үйлердің бірінен табылған. Марқұмның өлімінің себептерін анықтау жұмыстары және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр дейді төтенше жағдайлар комитеті.
Дереккөз. Азаттық
В Атырау 0