Атырау, 20 мамыр 19:26
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ақтөбенің кейбір тұрғындары су тасқынының салдарынан мектептерді паналауға мәжбүр болды

Бейнежазба
2 109 просмотра

Фото: ТЖД
Ақтөбе қаласында Илек өзінінің суы көтерілгендіктен ("Госсветсеть", "Каргалинка" и "Аксуат") бақша егу және саяжай кооперативтерін су басты. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

ТЖК мәліметінше,, 300-ге жуық адам эвакуацияланған. Екі мектепте 12 пункт ашылды, оларда 53 адам қоныстанды, оның ішінде 12 бала бар. 248 адам туыстарының үйіне көшірілді.

"Аулаларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Илек өзенінің екі бетінде де хабарландыру топтары жұмыс істеп жатыр, қоғамдық тәртіп күзеті іске асырылуда. Әлеуметтік желі, телеарна және SMS-хабарлама арқылы хабарландырулар жіберіліп жатыр", - деді Иманқұлов. 

Су тасқыны жағдайының көзін жою үшін ТЖК жасақтары, Ұлттық гвардия, жергілікті полиция қызметі және жергілікті орындаушы органдардан 500 адам және 124 арнайы техника жұмылдырылған. 


Дереккөз: Tengrinews.kz

17 сәуір 2017, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.