Атырау, 10 мамыр 19:04
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Сенатта Гаага конференциясының жарғысын ратификациялау қаралды

1 934 просмотра


Бүгін Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мақсаты халықаралық жеке құқықтың ережелерін бірте-бірте унификациялауға ұмтылуды көздейді. Оның құрамына 79 ел мен Еуропалық Одақ енген. Бүгінгі таңда Гаага конференциясының аясында 39 конвенция жасалған болса, біздің еліміз олардың сегізін ратификациялады. Олар азаматтық іс жүргізу аясында құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Қазақстанның Гаага конференциясындағы халықаралық заң шығарушылық жұмысына тікелей қатысуы шетелде біздің азаматтардың құқықтарының неғұрлым тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді.

Гаага конференциясының құрамына ену Қазақстанға ортақ істер мен саясат жөніндегі кеңеске қатысуға, конвенция жобаларын әзірлеу үшін арнайы комиссиялар жұмысына қатысуға мүмкіндік береді.

Әділет министрлігі Гаага конференциясының жарғысында Қазақстан Конституциясына қайшы келетін нормалар жоқ екенін, ұйымға қосылу жыл сайынғы мүшелік жарнаны (6850 еуро) төлеуді көздейтінін айтып отыр. Бұл шығыстар ҚР Сыртқы істер министрлігінің тиісті бюджеттік бағдарламасында көзделген. Заң жобасы Палата қарауына жіберілді.

Дереккөз: Baq.kz

14 сәуір 2017, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.