Атырау, 10 мамыр 09:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстан Астана процессінің ұйымдастырушысы ретінде БҰҰ ҚК сириялық қарар жобасын дауысқа салу барысында қалыс қалды

2 163 просмотра

Фото: mfa.gov.kz
Астана. 14 сәуір. ҚазТАГ – ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ұлыбританияның және Финляндияның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Борис Джонсон мен Тимо Сойнимен олардың өтініші бойынша телефон арқылы сөйлесу барысында британдық әріптесімен екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібінің көкейтесті аспектілері, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сирия дағдарысының қаралу барысы, әсіресе Сирияда 2017 жылғы 4 сәуірде химиялық қаруды болжалды қолданылғанынан кейін жағдайдың шиеленісуі тұрғысынан талқыланды, деп хабарлады ҚР СІМ.

«Қазақстан делегациясы аталған мәселе бойынша БҰҰ ҚК-нде сөйлеген сөзінде химиялық қарудың қолданылғанын айыптап, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырғанын атап көрсетті. Сонымен бірге, Қазақстан дауыс берген кезде екі себеппен қалыс қалу туралы шешім қабылдады: біріншіден, қазақстандық тарап Сирияда химиялық қаруды қолданудың ықтимал фактісін барлық мүдделі тараптарды қатыстыра отырып, БҰҰ мен Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Ұйымның (ХҚТҰ) қолдауымен шынайы, тұтастай қамтитын әрі мұқият тергеуді жақтайды», - делінген жұма күні таратылған хабарда.

Одан басқа, СІМ мәліметтерінше, екіншіден, Қазақстан өз елінде Женева келіссөздерінің, әрі тұтастай алғанда Сириядағы кикілжіңді реттеу жөніндегі халықаралық күш-жігерлердің ажырамас бөлігі болып табылатын сирияаралық реттеу жөніндегі Астана процесін қабылдайды.

«Аталған процесті қазақстандық тарап бірегей процесс ретінде қарастырады, өйткені ол Сирияның бітімге келе білетін қарулы оппозициясын қоса алғанда аяусыз қарсы күресуші тараптардың басын келіссөз үстелінде біріктіреді. Қазақстанның әділдігі басты мақсаты Сириядағы әскери қимылдарды тоқтатудың тұрақты режиміне қол жеткізу болып табылатын Астана процесінің негізгі аспектілерінің бірі болып табылады», - деп көрсетілген СІМ хабарында.

Хабарда атап көрсетілгендей, Қ. Әбдрахманов сұхбатшыларын Қазақстанға келіп қайтуға шақырды.

Мәлім болғандай, үстіміздегі жылдың 12 сәуірінде Ұлыбританияның, АҚШ-тың және Францияның бастамасымен БҰҰ ҚК мүшелері Сирияның Идлиб провинциясында ЖҚҚ ықтимал қолданылуына қатысты қарардың жобасына дауыс берген болатын.

Ақ үйдің баспасөз қызметі Шон Спайсер осы мәселені дауысқа салғанда Астананың қалыс қалуы бұл тұрғыдан үлкен мәнге ие деген пікір білдірді. 

Дереккөз: ҚазТАГ

14 сәуір 2017, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.