Атырау, 11 мамыр 01:11
 ашықВ Атырау +17
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Латын әліпбиіне көшкен жағдайда ХҚКО-дағы мәліметтер жоғалып кетпейді - Абаев

1 696 просмотра

Фото: Tengrinews.kz

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев сенаторлармен кездесу барысында латын әліпбиіне көшкен жағдайда ХҚКО-дағы мәліметтердің жоғалып кету қаупі жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Сенаторлардың қазақ тіліндегі базаны латын тіліне өзгерткенде құжаттардың жоғалып кету қаупі жайлы сұрағына министр барлық құжаттың, оның ішінде электрондық құжаттардағы мәліметтердің толықтай сақталатынын айтты. 

"Автоматтандыру мен цифрландыруға қатысты мәселелердің барлығы іс-қағаздарды жүргізу мен жалпы процесті жеңілдетеді. Біз электрондық форматтағы құжаттарды латын тіліне өзгерткенде белгілі бір алгоритмді қолдансақ, яғни, бізге тек бір бағдарламаны қолдану керек", - деп түсіндірді депутаттарға Дәурен Абаев. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында жыл соңына дейін латын әліпбиіне көшу жобасын даярлауды ұсынған болатын. "Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес", - деген еді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: Tengrinews.kz

14 сәуір 2017, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.