Атырау, 6 наурыз 09:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29

Назарбаев ЕАЭО-ның Иранмен, ҚХР-мен және Үндістанмен әріптестігін жандандыруға шақырды

2 684 рет қаралды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың Иран, Қытай, Сербия және өзге де елдермен ынтымақтасу мәселесін белсенді етуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости. 

"Сауда нарығын кеңейту мен инвестицияны арттыру үшін жаңа серіктестермен жаңа сауда-экономикалық келісімшарттар дайындау керек. Иран, Қытай, Үндістан, Сингапур, Сербия, Израиль және ынта білдірген өзге де елдермен ынтымақтасу мәселесін жеделдету керек", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақтың жоғары отырысында. 

Бұл отырыста одақтағы бес елдің де басшылары қатысып отыр: РФ президенті Владимир Путин, Беларусь - Александр Лукашенко, Қазақстан - Нұрсұлтан Назарбаев, Армения - Серж Саргсян, Қырғызстан - Алмазбек Атамбаев. Сонымен қатар, жиынға Молдавия президенті Игорь Додон да қатысып отыр.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ - 2015 жылдың 1 қаңтарында Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік негізінде құрылған халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


14 сәуір 2017, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.