Атырау, 10 мамыр 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекке барды

1 946 просмотра


Бүгін Бішкек қаласында екі бірдей саяси салмағы басым жиын өтеді. Бірі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы, екіншісі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері басшыларының басқосуы. Күн тәртібінде көп мәселе көтіріледі. 

Кешелі бері Қырғыз елінде қарбалас. «Манас» әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, орталық көшелерде көрікті көліктердің жүрісі көбейді. Алмасбек Атамбаев әріптестеріне осылай құрмет көрсетуге бел буыпты. Қолда бар мәлімет бойынша бірінші болып Бішкекке Молдова президенті жеткен. Ізін ала Армения, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан елдерінің көшбасшылары келді. Бүгін президенттер Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің өткенін екшеп, болашағына бағдар жасайды. Сарапшылардың айтуынша бұл кеңес, әдепкі ақылдасудан бөлек болады. Өйткені қазір нарықтың сынағы мен терроризм - елді болмасын алаңдатып отыр. Сол себепті бұл жолғы айтылар сөз бен бастамалар өршіл болатыны анық. Мәселен, одаққа қызығушылық танытқан Молдованың ұсынысы жан-жақты қаралып, ресми Кишиневті байқаушы ретінде кіріктіру жайы жоспардан табылуы мүмкін. Онымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда айналымын жетілдіру туралы да келісім сөз болмақ. Ал Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысында тараптар жаңа жаһандық сын қатерлерге сынып кетпеудің амалдарын іздеп, күн тәртібінде тұрған қауіпсіздік қалқанын күшейту жайын да талқылап қалмақ.

Дереккөз: 24 Хабар

14 сәуір 2017, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.