Атырау, 23 желтоқсан 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ШҚО-да ҚР ИДМ өңірлік комитетінің департамент басшысы ұсталды

Бейнежазба
2 373 рет қаралды


Шығыс Қазақстан облысы бойынша Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің департамент жетекшісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық-бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің департамент жетекшісі А. Закирьянов әшкере болған. Ведомстводағылардың айтуынша, ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жоба құжаттамасына келісім беру үшін кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алып отырған. 

"2017 жылдың 12 сәуірінде кәсіпкерден параның 90 мың теңге кезекті сомасын алып жатқан жерінен Закирьянов ұсталып, Өскемен қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Параның жалпы сомасы - 2 миллион теңге", - делінген хабарламада. Тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

14 сәуір 2017, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.