Атырау, 28 наурыз 23:38
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қазақстанның шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарына жер беруге тыйым салынады

3 009 просмотра


Жерді пайдалану жөніндегі міндеттемелер мен жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Ауыл шаруашылығы жерлері тиімді пайдаланылуы жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында жер учаскесін жалға беру шартының үлгілік нысаны бекітіледі. Жалға берудің үлгілік шартында жалға алушының жерді пайдалану жөніндегі міндеттемелері мен жауапкершілігін күшейту көзделген. Бұл ретте шартта жалға алушының конкурстық ұсыныста көрсеткен міндеттемелері мен алға қойылған ниеті қамтылатын болады. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында заң жобасымен аудандық атқару органдардың құзыретіне ауыл шаруашылығы жерлерінің тиімді пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау үлгілері қарастырылады», - деді вице-министр. 

Оның сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен көлемде бір қолға берілуін болдырмау мақсатында заң жобасында әр облыстың ауданының шегінде қазақстандықтарға берілуі мүмкін ең жоғары мөлшерін белгілеу көзделген. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жерлерін еліміз бойынша шекті мөлшерден асатын көлемде бір қолға өтуіне жол берілмейді

«Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі уақытта тиісті есептеу әдістемесін әзірлеуде, онда еліміздің әрбір өңірінің жағдайы мен ерекшелігі ескерілуде. Бұдан басқа, заң жобасында шекаралық белдеу және шекара аумағында орналасқан жер телімдерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарына немесе шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдіктер қатысатын заңды тұлғаларына беруге тыйым салынады. Мемлекеттік шекаралық белдеуінде орналасқан ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке де, жер пайдалануға да берілмейді. Аталған аумақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін жергілік халықтың мұқтаждықтарына жайылым, шабындық ретінде пайдалануға рұқсат етіледі. Мемлекеттік шекара аумағында орналасқан ауыл шрауалығы жерлері тек Қазақстанның азаматтарына және заңды тұлғаларына уақытша жер пайдалану құқығына беріледі»,-деді Нысанбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 сәуір 2017, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.