Атырау, 7 мамыр 10:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Дос Көшім: Латын қарпіне көшу арқылы орыс тілін шеттеткелі отырғанымыз жоқ

3 843 просмотра

Дос КӨШІМ
Елбасы мақаласы қазақ руханиятының жаңғыруына қатысты деп ойлаймыз. Себебі, титулды ұлт ретінде біздің рухани жаңғыруымыз заман талабына сай болуы керек, деді «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Досмахамбет (Дос) Көшім бүгін Алматыда «Достық үйінде» өткен Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талдауға арналған дөңгелек үстел жиынында.   

«Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл мақаласы көбірек талданса екен. Себебі, бізде талдағаннан гөрі тамсану басым. Себебі мұның астарында екі түрлі мәселе бар. Бірінші, рухани жаңғыру мәселесі. Бұл  қазақ руханиятының жаңғыруы деп ойлаймыз. Себебі, осы мемлекеттің титулды ұлты ретінде біздің рухани жаңғыруымыз заман талабына сай болуы керек. Оны қалай жүзеге асырамыз, бұл ғалымдардың пікірлесуімен жасалатын секілді. Екінші, мақалада нақты бағдарламалар айтылған. Ол туған жер, латын әрпіне көшу, аударма орталығы, 100 классикалық кітап мәселесі. Бұлар  нақты көрсетілген мәселе. Атқарушы билік осыған дейін тамаша-тамаша бағдарламалар ұсынды. Соның бірі - «Ел бірлігі доктринасы». Ол қабылданғаннан кейін атқарушы билік жоспар жасады. Ол жүзеге аспады бірақ. Сондықтан, атқарушы билік бұл жолы Елбасы мақаласын терең түсініп, қозғалыс беріп, рухани жаңғыруға алып келсе. Президент осы мәселені жақсы түсінген деп ойлаймын. Екі жерде, нақты атап өтіп, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық ұйымдардың араласуын белгілеп берген. Осыдан кейін, бұл мақаланың жалпы бағдардың орыс тілді қауымға жеткізілу мәселесі. Өйткені, орыс тілді қауымның ұлттық мәселе десе тіксініп қалуы бар. Сондықтан, осыны дұрыс түсіндіре білуіміз керек. Мәселен, туған жер ме? Туған жер  бәрімізге ортақ. Сондай-ақ, латын қарпіне көшу. Бұл арқылы біз орыс тілін шеттеткелі отырғанымыз жоқ. Бұл қоғамның техникалық қажеттілігінен туындап отыр. Меніңше, осы екі мәселені қаперге алуымыз керек», - деді Дос көшім. 

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы «Достық үйінде» зиялы қауым өкілдері дөңгелек үстел басында бас қосып, Елбасы мақаласын талдады. Жиын соңынан соң, мақалаға қолдау білдіріп, өз пікірлерін білдірген хатты Астанаға жолдады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 сәуір 2017, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.