Атырау, 8 мамыр 07:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Латын әліпбиіне көшу жөніндегі жұмыс тобы құрылады

10 053 просмотра

Бүгін латын әліпбиіне көшу жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болат Әбдірәсілов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласына орай  пікір білдірген ол бұл мәселе 2012 жылдан бастап жан-жақты талқыланғандығын баса айтты. Сол кезде арнайы топ құрылып,  оның құрамына еліміздің гуманитарлық институттары, Тіл білімі институты, Философия институты кірді. Өзбекстан, Әзербайжан және басқа да елдердің тәжірибесі зерделеніп, әдістері жасалды. 

Ал Мемлекет басшысының кешегі мақаласында латын әліпбиіне көшудің нақты мерзімі айқындалып отыр. Бұл жұмысты бастадық, бүгін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданады деп ойлаймын. Оның құрамына ғалымдарымызды, тіл білімі саласындағы мамандарды шақырамыз. Тәжірибе, белгілі бір деңгейде әзірлемелер бар. Меніңше, сәйкесінше шешім де қабылданатын болады», -  деді комитет төрағасы. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 сәуір 2017, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.