Атырау, 7 мамыр 20:59
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Республикалық санитариялық авиация орталығының бас директорының орынбасары ұсталды

1 423 просмотра


Республикалық санитариялық авиация орталығының бас директорының орынбасары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"12 сәуірде 2 миллион теңге сомасында кезекті пара алу үстінде "Республикалық санитариялық авиация орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының орынбасары М.З.Шалғынбаев ұсталды. Ол жеке әуе компанияларының басшыларынан науқастарды тасымалдау үшін мамандандырылған әуе көлігін беру бойынша қызметтер көрсетуге келісімшарттар жасасу үшін жүйелі түрде пара алу бойынша қылмыстық жоспар ұйымдастырып, оған кәсіпорындағы қоластындағы қызметкерлерді тартқан", - делінген хабарламада.  

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, пара көлемі келісімшарт сомасының 10 пайызы болған. "Шалғынбаев жалпы алғанда Sky Service ЖШС, East Wing АҚ жетекшілерінен және басқалардан 130 мың АҚШ доллары сомасында аса ірі көлемде пара алған", - делінген Антикоррупциялық қызметтің таратқан хабарламасында.  Шалғынбаев ұсталып, Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

13 сәуір 2017, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.