11 сәуірде «Судоремонтник» стадионының базасында клубтың бастамасымен жанкүйерлердің «Атырау» ФК басшылығымен кездесуі өтті.
Жанкүйерлер алдына әуелі «Атыраудың» бас бапкері Зоран ВУЛИЧ шығып, ол өз орнынан кететінін (көпшілік солай болатынын күткен еді) мәлімдеді. Келісімшарт клубпен өзара келісім бойынша бұзылған, бұған хорват маманының отбасылық жағдайы себеп болыпты.
- Сіздердің бәріңізге рахмет, осы адамдарға (клубы басшылығына) рахмет, оларға қазір көмек керек, олар минус 9 ұпайға лайық емес – бұл оларға дейін болған. Қазір бәріне қиын екенін түсінемін. Бірақ ойыншыларға айқайлаудың орнына, оларға қолдау көрсеткен жөн.
Вуличті сирек қол шапалақтаумен шығарып салып, ол есіктің ар жағынан ғайып болған соң, команда капитаны Марат ХАЙРУЛЛИНГЕ сөз сөйлеуге тура келді. Жанкүйерлердің кейбірі «Астанамен» ұтылып қалғаннан кейін орын алған оқиға үшін («Атыраудың» жеңілісі жанкүйерлердің ызасын тудырды») кешірім сұрады. Содан кейін наразалықтарын жаудырды: «Сен келісімшартқа қол қойдың, бұл жердегі жағдайдың қандай екенін білдің, енді келіп алаңда өкпелейсің. Бұл бізді қызықтырмайды, әрине, біз ызаланамыз. Сен бізге команданың қашан ойнай бастайтынын айт». Хайруллин жанкүйерлерден бейімделуге уақыт беруді өтінді:
- Бұл әңгіменің кейін емес, қазір болғаны жақсы болды. Сіздер түсініңіздер, біздер жаңа ұжымбыз, біраз уақыт өтуі тиіс. Біз ұрысу үшін келген жоқпыз ғой, бірлесіп, алға қарауымыз керек. Бәрі реттеледі деп ойлаймын, уақыт беріңіздер.
…Кейбір атыраулық фанаттардың мәдениет деңгейі, әрине, мәз емес. Олар бәрін нұқып, тіпті, сыпайы жұртшылық арасында да балағатсыз сөз сөйлемейді. Бұл жастарды ақылға салып, тыныштандырғысы келген тәжірибелі жанкүйерлердің өздерін ашуландырып жіберді. Сөзден сөз туып, енді жанкүйерлер өзара сөзбен ілінісіп қалды. Клуб директоры Тимур НИҒЫМОВҚА араласуға тура келіп, үлкендерге құрмет көрсетуді өтінді.
Ниғымовтың айтуынша, «Атырау» ФК басшылығы жаңа бас бапкерді іздеуді бастап кеткен. Ал әзірге оның міндетін бұдан бұрын физикалық даярлығына жауап берген Қуаныш ҚАБДОЛОВ атқаратын болады.
Марат ТАКУЛИН
Суретті және бейнежазбаны түсірген автор