Атырау, 29 наурыз 17:25
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Атыраудың» жеңілісі жанкүйерлердің ызасын тудырды

Сурет Бейнежазба
3 307 просмотра

8 сәуірде «Судоремонтник» стадионында «Атырау» командасы футболдан ел чемпионатының 5-туры аясында «Астана» командасын қабылдады.

Бұл матчта біздің футболшыларымызға қазіргі чемпиондармен ойнау қиынға түсетіні ойын басталған сәтте-ақ белгілі болды. Меймандар қожайындарды айыппұл добымен ығыр қылып,  қақпашы Андрей ПАСЕЧЕНКОНЫ қара тер болып, күш салуға мәжбүр етті. «Атырау» қорғанысқа көшіп, тек 15 минуттан кейін ғана ойынды өз қақпасының маңынан қашыққа алып кетті. Бірінші тайм бойына астаналық командаға қарсы тек бір ғана ұтымды сәт орын алды: Владимир ДВАЛИШВИЛИ «Астана» қақпасының алдында тиімді позициядан табылып, бірақ допты аспанға әуелете ұрды. Матчтың бірінші жартысы 0:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймда да ойынның өзгергені шамалы болды. Біздің футболшылар бұрынғыша бәсекелесінен жылдамдық бойынша қалыс ойнады. 84-ші минутта «Астана» ойыншысы Юрий ЛОГВИНЕНКО  бұрыштан берілген доппен гол соқты.

Біздің командамыздың мүмкіндіксіз жеңіліс табуы жанкүйерлердің наразылығын тудырып, команда тарапына жаман сөздер айтыла бастады. Финал ысқырығынан кейін капитан Марат ХАЙРУЛЛИН бастаған «Атыраудың» бірнеше ойыншысы  фанаттар секторына жақындап келіп, жанкүйерлердің реніштерін баспақ болды. Алайда оның орнына талаптар мен сынға ұшырады. «Бізге мұндай футболдың еш керегі жоқ, жоғалыңдар!» деп айқайлады жастар. Нәтижесінде бәтуаластық табылмай, ызаланған Хайруллинді алаңнан командадағы жолдастары алып кетті. Кетіп бара жатып ол: «Фанат секторы осындай бола ма?!» деп айқайлады. «Атырау» ФК директоры Тимур НИҒЫМОВҚА да таяқтың бір ұшы тиді: ол мінбер астындағы орынжайға қарай кетіп бара жатқанда, оның артынан: «Тимур, кім едің сен, қане, сау боп тұр» деп айқайлады.

Матчтан кейінгі конференцияда «Астананың» бас бапкері Станимир СТОЙЛОВ  «Судоремонтник» стадионын сынға алды:

- Үлкен дайындықтан кейін сапасы өте нашар алаңда ойнауға тура келген кезде біздің бүкіл әрекетіміз зая кетеді. Мұндай алаңдармен Еуропа туралы қалай сөз қозғауға болады? Мен тек «Атырау» туралы ғана емес, бүкіл Қазақстанды айтып отырмын.

Осы турдан кейін «Атырау» минус жеті ұпаймен турнирлік кестенің соңынан орын алды. Келесі турда команда 12 сәуірде қарағандылық «Шахтермен» өз алаңында ойнайды.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

9 сәуір 2017, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.