Атырау, 23 желтоқсан 16:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан бәріне тең зейнетақы жүйесіне оралмайды - Ұлттық банк

2 406 рет қаралды


Қазақстан бәріне тең зейнетақы жүйесіне оралмайды. Бұл туралы Алматыда өткен "Қазақстанның зейнетақы жүйесі. Жасырын тұстары бар ма?" атты дөңгелек үстел барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Бұл мәселе қаралмайды да. Тура сұраққа тура жауап. Зейнетақы жүйесін қайта құру талқыланып жатыр. Біз әлемдегі зейнетақы жүйесінің дамуына шолу жасап отырмыз. Әлемдік тәжірибе және Қазақстанда болып жатқан жағдай ешбір жүйе таза қалпында жұмыс істей алмайтынын көрсетеді. Бұл бір микс болуы керек", - дейді ҚР Ұлттық банкінің Құнды қағаз нарығының субьектілерін қадағалау департаменті директорының орынбасары Елена Никифорова. 

Еске салайық, мұның алдында ҚР Ұлттық банкі мен БЖЗҚ зейнетақы жүйесінің жаңа моделін талқылап жатқаны туралы белгілі болған. Ұлттық банк БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерін басқарушы компанияларға беру жоспарын дайындаған. Салымшылар компанияны өздері таңдай алады. Бұл компанияларға қатаң талап қойылады. БЖЗҚ қаржы ағымының операторы ретінде қызмет ететін болады. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

12 сәуір 2017, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.