Атырау, 4 мамыр 00:10
 ашықВ Атырау +10
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Айдос Сарым: Shynaiy revolutsia - madeni zhane ruhani revolutsia

2 050 просмотра


Шынайы революция - мәдени және рухани революция. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай саясаттанушы Айдос Сарым ФБ-парақшасында осындай пікір қалдырды. Айта кетейік, сарапшы бұл пікірін қазақ тілінде латын әрпімен жазған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Ешбір шынайы модернизация рухани жаңғырудан тыс жүре, жүргізіле алмайтыны анық. Биліктің осыны түсініп, рухани жаңғыру мәселесін қолына алғаны, осыған орай өз қағидаттары мен ұстанымдарын ортаға салғаны құптарлық шаруа. Осының төңірегінде мақтау емес, құр сөз емес, кірпіш-кірпіш мақала емес, кешенді талқы жүргізіліп, нәтижесінде нақты мемлекеттік бағдарламалар жасақталуы тиіс», - деп жазады сарапшы. 

Бұдан бөлек, Айдос Сарым гуманитарлық пәндерге жасалып жатқан қысастық тоқтатылып, оны іске асырған шекпенділер орындарын босатуы қажеттігін де атап өтті. «Шынайы революция - мәдени және рухани революция. Шынайы модернизация руханиат пен санадан бастау алады. Егер осы айтылғанды қойыртпақ қылмай, жемсауға айналдырмай, іске асырсақ құба құп», - деп жазады А. Сарым. 

«Eshbir shynaiy modernizatzia ruhani zhangyrudan tys zhure, zhurgizile almaityny aidan anyq. Biliktin osyny tusinip, ruhani zhangyru maselesin qolyna algany, osygan orai oz qagidattary men ustanymdaryn ortaga salgany quptarlyq sharua. Osynyn tonireginde maqtau emes, qur soz emes, kirpish-kirpish maqala emes, keshendi talqy zhurgizilip, natizhesinde naqty memlekettik bagdarlamalar zhasaqtsluy tiis. Esesine gumanitarlyq panderge zhasalgan qysastyq toqtatylyp, ony iske asyrgan shekpendiler oryndaryn bosatuy qazhet. Shynaiy revolutsia - madeni zhane ruhani revolutsia. Shynaiy modernizatzia ruhaniat pen sanadan bastau alady. Eger osy aitylgandy qoiyrtpaq qylmai, zhemsauga ainaldyrmai iske asyrsaq - quba-qup».

Дереккөз: ҚазАқпарат

12 сәуір 2017, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.