Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Көкшетаудың іргесіндегі ауылды су басып, 43 адам қауіпсіз жерге көшірілді

2 897 рет қаралды

Көрнекі сурет
Көкшетаудың іргесінде ауылдағы үйлерді су шайып,  43 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

ТЖД мәліметі бойынша төтенше жағдай ағымдағы жылдың 11 сәуірінде таңғы 05:45 шамасында Зеренді ауданының Шағалалы ауылында орын алған. 

"Шағалалы өзенінің суы көтерілуі салдарынан ауылдағы 4 үй мен 9 үйдің ауласын су шайып кетті. Осының салдарынан 43 адам (оның ішінде 9 бала) және 154-ке жуық үй жануарлары қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі кезде су сору жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 21 адам және 9 техника мен 4 жүзу құралы, жергілікті атқарушы органдардан 3 адам және 1 техника, жергілікті полиция қызметінен 4 адам және 1 техника жұмылдырылып, су тасқынының салдарын жою шараларын жүргізуде", - деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат


11 сәуір 2017, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.