Атырау, 11 мамыр 23:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Роза Рымбаева: Димаштың елімізде сүйікті әнші атануына мүмкіндігі аз

3 299 просмотра


Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Жұлдыздар отбасы» жұрналына берген сұхбатында отандық телеарналарды жерден алып, жерге салыпты. Әнші басылымның «Димаш қазақ өнерін әлемге таныта ала ма» деген сауалына барынша байыпты жауап берген екен.

«Бұл туралы кесіп-пішіп болжам айту қиын. Өйткені, болашақта не боларын білмейміз. Бір анығы, Димаштың елімізде халықтың сүйікті әншісі атануына мүмкіндік аз. Себебі, біздің телевизиялық жобалардың барлығы тойдың әншілерін ғана насихаттайды. Соларды мақтап, соларды көкке көтереді. Жоғары деңгейдегі шын таланттарды көрсететін телевизиялық жобалар жоқтың қасы. Отандық телеарналар «Тойдуман», «Тойбазар», «Тойбастар» секілді тойдың бағдарламаларынан ары аса алмайды. Алдымен экранымызды осындай мағынасыз шоулардан тазалап, Димаш секілді таланттылардың өнерін дәріптеп, жастарға үлгі етуіміз керек», – депті Роза Рымбаева.

Дереккөз: Baq.kz

11 сәуір 2017, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.