Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ДАИШ-қа қосылған қазақстандықтар азаматтығынан айырылады – Назарбаев

1 828 рет қаралды

Фото: akorda.kz
Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ экстремистік тобына қосылған қазақстандықтар азаматтығынан айырылады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «МИР» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазақстан заңына сәйкес, егер біздің елдің азаматы басқа елге кетіп, қандай да бір экстремистік ұйымға кірсе, отанына енді қайтып орала алмайды: автоматты түрде азаматтығынан айырылады. Бұл мәжбүрлі шара», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, Қазақстаннан ДАИШ тобында 500-600-ге жуық адам бар, ал бұрынғы Кеңес одағы елдерінен – бес мыңға дейін.

«Адамдар лаңкестердің қатарына қосылмау үшін, ең әуелі, тиісті шараларды қолға алу қажет. Біз ДАИШ-тан оралғандармен профилактикалық жұмыс жүргізуге тырыстық, бірақ, бұл еш нәтиже берген жоқ. Сол себепті оларды елге қайтып кіргізбеу туралы шешім қабылдадық», - деп атап өтті Назарбаев.

Дереккөз: Baq.kz

11 сәуір 2017, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.