Атырау, 23 желтоқсан 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қарағандыда сотталған әйел жүкті болып, түрме басшылығы жауапқа тартылды

2 573 рет қаралды

Көрнекі сурет
Қарағандыда сотталушы әйелдің жүкті екені анықталып, тергеу оқшаулағышы басшылығы қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

«Оқшаулағыштың басшылығы мен өзге де жауапты тұлғаларына тәртіптік жауапкершіліктің ең қатаң түрі - сөгіс және қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлады ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі. Тергеу оқшаулағышының жедел уәкілі жұмыстан шығарылды. Ол қылмыстық іс бойынша сотталушы ретінде сот алдында барды. Ол оқшаулағыштағы әйелдерге ерлер бөліміндегі өзге сотталушылармен жақын қарым-қатынаста болуына рұқсат беретін жағдай жасады деп айыпталуда. Тергеу нұсқасы бойынша, оқшаулағыш қызметкері екі сотталушының кездесуіне жағдай жасаған. Нәтижесінде әйел жүкті болып қалған, бірақ денсаулығына байланысты жасанды түсік жасатқан. Сотталушы әйел күзетшінің айдауымен ауруханалардың біріндегі гинекология бөліміне жеткізілді және жүктілікті тоқтатты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 сәуір 2017, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.