Атырау, 11 мамыр 14:01
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Қазақстанда қандай фильмдер көрсетілімге жіберілмейді

2 536 просмотра

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Қазақстанда қандай фильмдер көрсетілімге жіберілмейтінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Министрлік мәліметі бойынша, жалпы көрсетілімге ұсынылатын отандық және шетелдік фильмдерге көрсетілім куәлігі қажет. Бұл қатарға фестивальдер, семинарлар мен басқа да шараларда көрсетілетін фильмдер кірмейді.  "Көрсетілім құжаты талапқа сай келмейтін нақтыланбаған және өзгертілген ақпараты бар, мазмұнында конституциялық құрылымды, республиканың тұтастығын күшпен өзгертуді үгіттейтін немесе насихаттайтын, мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және ұлттық араздықты тудыратын фильмдерге берілмейді", - дейді министрлік өкілдері.  

"Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабы бойынша, азаматтар өз үйінде өз қалауынша фильм көруге және музыка тыңдауға құқылы", - делінген жауапта. 

Айта кетейік, мұның алдында "Құбыжық пен сұлу" мюзиклі қазақстандық көрсетілімге кешігіп шыққан еді. Бұл өз уақытында көрсетілім құжатын алмағандықтан болған. Кейін фильмге "16+" жас шектеуі қойылды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 сәуір 2017, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.