Атырау, 11 мамыр 16:10
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Елбасының үш айдағы жұмысына бейнешолу

Бейнежазба
1 745 просмотра

Нұрсұлтан Назарбаев жыл басынан бері 39 іс-шараға қатысқан.

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президенті 2017 жылдың І тоқсанында қатысқан іс-шаралардың бейнешолуын жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бейнешолу Ақорданың фейсбуктегі ресми парақшасында пайда болды. Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Президент жыл басынан бері 39 іс-шараға қатысқан. Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Осы уақытта Нұрсұлтан Назарбаев елдегі ішкі және сырттағы жағдайға қатысты 9 телеграмма жолдап, өзге елдердің мемлекет басшыларымен телефон арқылы тоғыз рет сөйлескен.

Үш айдың ішінде Мемлекет басшысы Ресей, БАӘ, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Әзербайжан президенттерімен кездесті. Алматыда өткен қысқы Универсиаданың ашылу салтанытаны қатысып, Қарағанды, Ақмола облыстарының жұртшылығымен кездесті.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Президент 76 нормативтік актіге, оның ішінде 46 жарлық, 17 қаулы мен 13 заңға қол қойған.


Дереккөз: sputniknews.kz 

10 сәуір 2017, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.