Атырау, 23 желтоқсан 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі ұзартылды

2 573 рет қаралды


Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі бір айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астананың Алматы аудандық № 2 соты Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімін бір айға - 2017 жылдың 10 мамырына дейін ұзартты. Аудандық соттың шешімі 6 сәуірде қабылданды", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері. 8 айға жуық министр болған Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 сәуір 2017, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.