Атырау, 12 мамыр 12:44
 ашықВ Атырау +24
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Қазақстанда тапсырылатын жолдардың сапасына аудит жүргізу керек - Нұртай Сабильянов

1 712 просмотра


Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутат Нұртай Сабильянов автокөлік жолдарының сапасына аудит жүргізу мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, реконструкцияланғаннан кейін олардың көп ұзамай бүлінетін жағдайлары да жиі кездеседі. Осыған байланысты министрлік пен құқық қорғау органдары жұртшылықты, тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, пайдалануға берілетін автомобиль жолдарының сапасы бойынша аудит пен ревизия жүргізу қажет. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы келісімшарттық міндеттемелерін адал орындайтын компаниялармен жұмыс істеуі тиіс»,-деп тоқталды депутат. 

Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді сатып алуға байланысты 21 талап-арызбен сотқа жүгінді. Алайда даулар тек жосықсыз мердігерлердің кінәсінен ғана емес, сонымен қатар «ҚазАвтоЖолдың» сатып алу жүргізу кезіндегі әрекеттеріне байланысты да туындап жатады. «Сондықтан да, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, оның ішінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы АҚ-ның сатып алуды жүргізуін реттейтін және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін, қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін «Сатып алу туралы» жаңа Заңды қабылдайтын уақыт келді», - деп түйіндеді сөзін Н. Сабильянов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 сәуір 2017, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.