Атырау, 12 мамыр 07:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Е.Сағадиев: Елімізде 360 түрлі мамандыққа сұраныс бар

1 673 просмотра


Бүгін Үкімет отырысында талқыланған «Жұмыспен қамту» мәселесі бойынша қысқа мерзімді оқыту курстары туралы баяндаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев еліміз бойынша 360 түрлі мамандыққа сұраныс бар екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

«Бұған дейін еліміз бойынша 85 мың оқушы колледждерде оқып келсе, биылғы жылы оларға тағы да 20 мың оқушы қосып, жалпы кәсіптік-техникалық салада оқитындар санын 100 мыңнан асыру жоспарланып отыр» - дейді министр.

Сонымен қатар Ерлан Кенжеғалиұлының айтуына қарағанда жылына 20-25 мың бала не ЖОО-ға, не кәсіптік білім беретін мекемелерге оқуға бармай, мамандықсыз қалады екен.

«Сол үшін биылдан бастап облыс орталықтарымен бірлесіп, 825 мобильдік топ жұмыс істей бастады. Сонымен бірге облыстардағы кәсіпкерлік палаталарымен бірлесе отырып, жаңадан кәсіптік білім беру мекемелерінде оқитын студенттерді стипендиямен, жолақымен, жатар орынмен және бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етпекпіз» - дейді Ерлан Сағадиев.

Арнайы білім алу 1 айдан 6 айға дейін жалғасады.

«Қазіргі таңда бұл білімді беруге еліміздің 380 білім ошағы дайын. Ал әзірге 26 мың адам тіркелді. Астана, Ақтөбе қалаларында сәуірдің бірінен бастап арнайы оқыту орталықтары өз жұмыстарын бастап кетті. Оларда 350 адам білім алып жатыр. Жалпы осы жобаға мемлекет қоржынынан 3 млрд теңге қаржы қарастырылған» - дейді министр.

Дереккөз: BAQ.kz

10 сәуір 2017, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.