Атырау, 23 желтоқсан 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Владимир Божко депутаттардың еңбекақысы өскеніне қатысты өз ойын айтты

2 120 рет қаралды


ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко журналистерге қазақстандық депутаттардың еңбекақысы неге өсірілгенін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Бұл шешім 4 жыл бұрын қабылданған. Алдымен министрліктер мен ведомстволар болған. 4 жыл өтті, 4 жылдан кейін ғана бізге қосты", - дейді Божко журналистерге Мәжілістегі отырыстан тыс уақытта.

Сонымен бірге, ол мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы бірдей болу керектігін айтады. 

"Барлық саяси қызметкерлер бірдей айлық алуы керек. Барлық депутат саяси қызметкер қатарына кіреді. Сондықтан бұл шешімнің негізі бар деген ойдамын", - деп аяқтады ол сөзін. 

Айт кетейік, мұның алдында БАҚ-та депутаттардың жалақысы көтерлігені туралы айтылған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 сәуір 2017, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.