Атырау, 6 ақпан 13:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46

Қазақстан ҰҚК Қытаймен ынтымақтастықты күшейтіп жатыр

1 963 рет қаралды


ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қытай Халық Республикасының делегациясы мен қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунмен Астанада кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Қытай Халық Республикасы Астанаға Шанхай ынтымақтастығы ұйымы хатшыларының 12-кездесуіне келген болатын. 

Тараптар терроризмге қарсы, трансұлттық қылмыстық қауымдастық және есірткі бизнесімен күрес, сондай-ақ кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. ШЫҰ қатысушы елдер арнаулы қызметтерінің ынтымақтастығын кеңейтудің кейбір аспектілері қарастырылды. 

Сондай-ақ, ШЫҰ кеңістігінде терроризм, сепаратизм және экстремизмнің жолын кесу саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында бірлескен іс-шараларды нығайту келісілді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


7 сәуір 2017, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.