Атырау, 10 мамыр 06:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Цеснабанк Банк ЦентрКредиттің ірі акционері атануы мүмкін

1 906 просмотра


2017 жылы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасы «Цеснабанк» акционерлік қоғамына «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы»  №57 қаулы қабылдады, деп хабарланды ҚР ҰБ сайтында.  

Наурыз айында «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің құрамы өзгергенін хабарлады. «Банк акционері Байсейітов Бақытбек Рымбекұлы INTERNATIONAL FINANCE CORPARATION (әрі қарай «IFC») тиесілі банк орналастырған акциялардың жалпы санының 10,0% көлемінде қарапайым банк акцияларын сатып алды. Бағалы қағаз иелерінің реестрі жүйесіндегі өзгерістерді тіркеу күні - 15.03.2017», - делінген банк хабарламасында. 

Өзгерістер нәтижесінде Байсейітов Бақытбек Рымбекұлының үлесі дауыс беретін акциялардың жалпы санының 44,5% құрады. 

Еске сала кетсек, қаңтар айында кореялық Kookmin Bank-тің қазақстандық «Центркредит»(БЦК) банкіндегі өз үлесін сатуға ниетті екені хабарланды. Ал ақпан айының басында Цеснабанктің Центркредиттегі Kookmin Bank үлесін сатып алған соң, БанкЦентрКредитпен бірігу мүмкіндігін талқылап жатқаны белгілі болды. «Банкцентркредит» АҚ акционерлерінің ауысу процесі 2017 жылдың екінші тоқсанында толық аяқталады деп күтілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат


7 сәуір 2017, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.