Атырау, 23 желтоқсан 18:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Нұрбек Құшақбаев 2,5 жылға сотталды

2 586 рет қаралды

Нұрбек Құшақбаев. Фото: Азаттық
Астанада бүгін Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company (OCC) кәсіпорнының жұмысшылары кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаевқа қатысты сот үкімі шықты.

Алматы аудандық №2 сотының судьясы Айжан Күлбаева Құшақбаевты қылмыстық кодекстің 402-баптың 2-бөлігі бойынша ("заңсыз ереуілге қатысуды жалғастыруға арандату") айыпты деп тауып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырып, 2 жыл мерзімге кәсіподақ қызметін атқару құқығынан айыруға, жәбірленуші тарап Techno Trading компаниясы талап еткен 25 миллион 200 мың теңгеге жуық "материалдық шығынды" өндіріп беруге үкім кесті.

Сот үкімі бойынша Құшақбаев жазасын жалпы режимдегі колонияда өтемек, жаза мерзімі оның қамауға алынған күнінен бастап есептеледі.

Дереккөз: Азаттық

7 сәуір 2017, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.