Атырау, 23 желтоқсан 18:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сондерстің промоутері Головкиннің жарақат алып қалғанын мәлімдеді

2 133 рет қаралды

Фото: theboxingvideo.com
Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен Геннадий Головкиннің жарақат алып қалуына байланысты келіссөздер созылаып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды boxingnews24.com

"Бізге Головкиннің жарақат алып қалғанын айтты. Мұның соңы не боларын көрейік. Осы жекпе-жекті ұйымдастыру үшін біз қолдан келгеннің барлығын жасадық. Билли онымен жұдырықтасуға лайықты. Биллидің қалтасында әрдайым қаламы дайын жүреді. Ол кез келген боксшымен жұдырықтасуға келісімін береді. Қазіргі уақытта барлығы созылып кетті", - деді Уоррен.   

Айта кетейік, Геннадий Головкин орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы және оған осы салмақ дәрежесінде барлық белбеулердің басын қосу үшін тек Сондерстің WBO титулы жетіспейді. Инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Дереккөз: Тengrinews.kz 

7 сәуір 2017, 08:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.