Атырау, 23 желтоқсан 18:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Жүкембаев мексикалықты нокаутқа жіберіп, IBO International титулын жеңіп алды

2 419 рет қаралды


Бірінші орта салмақ санатындағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (8-0, 7 КО) Монреальдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Косме Риверамен (41-23-3, 28 КО) кездесті, деп жазды Sports.kz. 

Айқас он раундқа созылуы тиіс еді, алайда, жетінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақстандыққа берді.

Осылайша, Жүкембаев IBO International дәрежесіне ие болды. Бірінші орта салмақтағы дәреже үшін жекпе-жек «Метрополистегі» бокс кешінің басты оқиғасы болды. Одан бөлек, Монреальдағы бокс кешінде қазақстандық Абылайхан Хусаинов (5-0, 4 КО)  мексикалық Кристиан Аррасоламен (23-13-2, 16 КО) кездесті. Екінші раундта, яғни 2 минут 38 секундта қазақстандық Хусаинов мексикалық Аррасоланы нокаутқа түсірді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

7 сәуір 2017, 08:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.