Атырау, 10 мамыр 12:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ғаламторда терроризмді насихаттаған Сәтбаев қаласының тұрғындары сотталды

2 433 просмотра


Қарағандының Сәтбаев қаласының соты әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттаған және терроризмге жәрдем көрсеткен 3 адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Ғаламторда терроризмді насихаттап, телефон арқылы террористік ұйымдарға мәлімет беріп отырған үш адамға қатысты Сәтбаев қалалық соты үкім шығарды. Бірінші сотталушы Дүйсенбек Тұқыбаев Сирияда «ДАИШ» террористік ұйымына қосылған А.Байдильдаевқа телефон арқылы ақпарат беріп отырған. Д.Тұқыбаевтың берген мәліметтерін «ДАИШ» террористік ұйымы заңсыз ақша қаражаттарын ұрлауға бағытталған іс-қимылдар жасау жоспарын құру үшін пайдаланған. Сәтбаев қалалық сотының үкімімен Д.Тұқыбаев 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған.
Екінші сотталушы Нұрсұлтан Боранбай «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы діни-экстремистік сипаттағы бейнероликтерді таратқан. Н.Боранбай терроризмді насихаттап, ұларалық алауыздықты қоздырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы да осы «ВКонтакте» желісі арқылы терроризмді насихаттап, «қарулы джихад» идеяларын таратқаны үшін Сәтбаев қаласының тұрғыны Азамат Жадрин сот үкімімен 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

«Құқық қорғау органдары қолданған шаралардың нәтижесінде Сәтбаев қаласының үш тұрғыны жауапкершілікке тартылған болатын. Сәтбаев қаласының құқық қорғау және арнайы органдары экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында белсенді жұмыстар атқаруда және бұл жұмыстардың басты негіздері мен ұстанымдары Қазақстанда қандай да болсын экстремизм көріністеріне жол бермеу болып табылады. Елімізде экстремизмді жүзеге асыру жағдайларының алдын алу, терроризмге мүмкіндік бермеу, сонымен қатар, азаматтарда саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру басты міндетіміз», - дейді Сәтбаев қаласының прокуроры Жанқозы Нақышев.

Дереккөз: Baq.kz

6 сәуір 2017, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.