Атырау, 15 қаңтар 20:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

УЕФА Қазақстанға көмекке 1 миллион еуро берді

1 567 рет қаралды


Еуропа футбол федерациялары қауымдастығы (УЕФА) құрамына кіретін әрбір федерацияға қосымша бір миллион еуродан инвестиция салатын болды. Бұл туралы аталған ұйымның ресми сайты хабарлады, деп жазады Baq.kz тілшісі.

УЕФА президенті Александер Чеферин Хельсинкиде өткен конгресте болашақта қаржыландыру жалғасатынын айтты. Өткен жылы ЕУРО-2016 турнирі үлкен қаржылық табысқа кенелген. Соған байланысты осындай ірі додалардан түскен пайда федерацияларға көмектесіп тұру үшін қарастырылып отыр.

«Біз биылғы циклде УЕФА-ға мүше әрбір федерацияға қосымша 1 миллион еуродан бөлу туралы шешім қабылдадық. Мұндай көмек УЕФА аясында өтіп жатқан турнирлердің қаржылық табысының жоғарылауынан болып отыр», – дейді Чеферин.

Айта кетейік, УЕФА-ға 55 ел мүше. Оның арасында Қазақстан да бар.

Дереккөз: Baq.kz

6 сәуір 2017, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.