Атырау, 24 қыркүйек 11:17
 дождьВ Атырау +20.2
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30

Қарағанды облысында ТЖД басшысының орынбасары ұсталды

Бейнежазба
3 110 рет қаралды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментіндегілер ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің облыстық ТЖД басшысының орынбасары Вадим Магамадовтың жемқорлық қылмыстарды жасағанын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап

"Тергеу Магамадовтың қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемін азайтқанын, сондай-ақ, жұмысты орындау туралы нұсқамалардың мерзімін ұзарту үшін заңсыз түрде сыйақы алып жүргенін анықтады. Биыл 4 сәуірде кәсіпкерден 200 мың теңге пара алып жатқан Магамадов қылмыс үстінде қолға түсіп, Қарағандының ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Cотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Дереккөз: Tengrinews.kz


5 сәуір 2017, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.