Атырау, 11 мамыр 01:02
 ашықВ Атырау +17
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Түркіменстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

1 843 просмотра


ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұxамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Жақында Өзбекстан президентінің Қазақстанға жасаған сапары сәтті өтті. Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бакуде ресми сапармен болды. Енді бізге Астанаға Түркіменстан президенті мемлекеттік сапармен келеді. Осылайша, еліміздің саяси өмірі үлкен оқиғаларға толы екенін анық байқауға болады», - деді министр Әбдіраxманов шет мемлекеттердің елшілерімен кездесуі кезінде. 

Белгілі болғандай, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұxамедовтің сапары 12 сәуірге жоспарланған.  

Еске сала кетейік, Түркіменстанда биылғы жылдың 12 ақпанында өткен президенттік сайлауда Гурбангулы Бердімұхамедов үшінші рет республика басшысы болып қайта сайланған болатын. Оған сайлаушылардың 97,69% дауыс берген еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат


5 сәуір 2017, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.