Атырау, 24 желтоқсан 02:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қарағандыда су ағызып әкеткен ағайынды жігіттерді тікұшақпен іздеп жатыр

2 475 рет қаралды


Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қопа өзені маңындағы су тасқыны кезінде із-түзсіз жоғалған ағайынды жігіттерді іздеуге тікұшақ берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қарағанды облысы ТЖ департаменті басшысының орынбасары Мұрат Қатпановтың хабарлауынша, еріген қар суларынан Қопа өзенінің суы арнасынан асып кеткен.  

«Қопа өзенінің арнасы тікұшақпен тексерілді. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде, екі техника және тіркемесі бар қайық берілді. Қардың еруінен өзен ұлғая түсті, ағын күшейді, сол себепті іздеу жұмыстары аса күрделі жағдайда өтуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі. 

Ер адамдар елді мекеннен тыс, Жарлы кеңшарынан 500 метр жерде жоғалған. Екінші сәуір күні таңертең олар көпір арқылы бір үйір жылқының соңынан кеткен. Қайтар жолда салт атты екі ағайынды Қопа өзені маңынан өткен. Олармен бірге болған жергілікті тұрғын жоғалған екеудің аттарымен бірге өзенге құлағанын, аттардың жағаға шығып, ер адамдардың суға ағып кеткенін айтқан. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

5 сәуір 2017, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.