Атырау, 10 мамыр 23:04
 ашықВ Атырау +17
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Максим Арышевтың достары Санкт-Петербург метросында ескерткіш тақта орнатады

2 194 просмотра

Максим Арышев. Сурет ВК парақшасынан алынды
Қазақстандық Максим Арышевтың достары қаза тапқан қазақстандыққа Санкт-Петербург метросында ескерткіш тақта орнатып береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы қаза тапқан студенттің досы Рома Зеделашвили әлеуметтік желілерде жазды. 

"Арышев Максим Витальевич. 18.08.1996 - 03.04.17. Тамаша адам еді. Осы уақыт бойы бізге Максимның достары мен жай таныстары жазды. Олар онымен қоштасуға мүмкіндік бар ма және қалай көмектесе алатындарын сұрап жатты. Достар, сіздердің барлығыңызға жауап берейін. Біз сіздердің қолдауларыңызға алғыс айтамыз. 5 сәуірде "Сенная площадь" станциясында сағат 20.00-де ескерткіш тақта орнатылады. Сіздерді сағат 19.45-те күтеміз", - деп жазды қаза тапқан студенттің досы Рома Зеделашвили. 

Кеше қазақстандық Максим Арышевтың Санкт-Петербургте болған терактіден қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. ҚР СІМ өкілдері мен Санкт-Петербургтегі қазақстандық дипломаттар Максим Арышевтың туыстарына барынша көмек көрсетеді, сондай-ақ, олар қаза тапқан студенттің денесін отанына жеткізу мәселесіне де көмек береді. 

Максим Арышев - Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік экономикалық университеттің 3-курс студенті. Ол "Ақпараттық жүйелер мен технологиялар" мамандығы бойынша білім алады. Оқу орнының сайтындағы мәліметтерге қарағанда, оның оқу үлгерімі жақсы. Максим өзі Алматыдан, "Достар" халықаралық мектеп-лицейінде оқыған. 

"Ол мектепті 2014 жылы бітірді. Сабақты жақсы оқыды. Орта мектепті жақсы бағамен бітірді. Алтын медальға бітірген жоқ, бірақ оқуды жақсы аяқтады. Алаңдататын жағымсыз жағдай болып тұр. Барлығымыз ол үшін алаңдап отырмыз", - деген еді "Достар" халықаралық мектеп-лицейінің меңгерушісі. 

 Осылайша, 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 50-ге жетті. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

5 сәуір 2017, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.