Атырау, 26 сәуір 08:20
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Асқар Мырзахметов Бейжіңге ресми сапармен барды

2 402 просмотра

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясы жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Алдағы уақытта ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы, ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚХР Коммерция министрлігі, ҚХР Халықаралық сауда-саттыққа атсалысу комитеті басшылығы және бизнес қауымдастығы өкілдерімен бірқатар маңызды кездесу өткізу жоспарлануда" - делінген хабарламада.

Делегация құрамында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлердің салалық басқармаларының басшылары, «ҚазАгро» холдингі мен еншілес ұйымдары, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы өкілдері және ауыл шаруашылығы қауымдастықтарының жетекшілері мен жеке кәсіпкерлер бар.

Сапардың басты мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы АӨК-ке шетелден инвестиция тарту мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру және екі жақты тиімді келісімдерге қол жеткізу.

Дереккөз: BAQ.kz

31 наурыз 2017, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.