Атырау, 23 желтоқсан 21:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Екі жасар сәбиді ұрлап әкеткен бала күтуші Қарағанды облысында қамауға алынды

2 274 рет қаралды

Екі жасар сәбиді ұрлап әкеткен бала күтуші Қарағанды облысында қамауға алынды. Бүгін Теміртау қалалық соты 22 жастағы күдіктіге қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews­.­kz тілшісі. 

"Теміртау қалалық соты бұлтартпау шарасы ретінде күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада бала күтушінің екі жасар сәбиді ұрлап кеткені жайлы хабарланған болатын. Айнұр есімді қыз сәбиді Теміртаудан Астанаға алып кеткен еді. Сондай-ақ, ол өзімен бірген сәбидің құжаттары мен туу туралы куәлігін, ата-анасының неке қию туралы құжатын алып кеткен. Ведомстводағылардың мәліметінше, күдікті үстел үстіне хат қалдырып кеткен. Ол онда Викторияның ата-анасынан полицейлерге хабар бермеуін сұраған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша ("Адамды ұрлау")  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews­.­kz

30 наурыз 2017, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.