Атырау, 25 сәуір 04:57
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Павлодарда жас жігіт полиция көлігінің үстінен селфи жасаймын деп сотталып кетті

1 998 просмотра

Фото: Sputnik
Полиция қызметкерінің УАЗ маркалы көлігінің төбесіне шығып, селфи жасамақшы болған Павлодар қаласының тұрғыны опық жеді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Сәтті кадр үшін осындай қадамға барған тұрғынға қатысты іс Павлодар қалалық әкімшілік сотында қарастырылды.

Іс материалдарына сүйенсек, 23 жастағы Бекзат Ашуов көңіл көтеріп, полицей көлігінің фонында селфи жасамақшы болыпты. Жас жігіт алдымен УАЗ көлігінің капотына, кейін төбесіне шығып алған. Ол аздай, шағымданған тұрғындарды балағаттаған. Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, осындай әрекетке баруға «тентек су» себепкер болғанын жеткізді.

Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Әйгерім Сүлейменованың айтуынша, Бекзат Ашуов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотталды.

«Бұзақылық жасап, тұрғындарды балағаттағаны үшін 23 жастағы азаматқа 10 күнге қамауға алу түрінде жаза тағайындалды. Айта кетерлігі, бұған дейін павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған», - деп хабарлады Әйгерім Сүлейменова.

Прокурор А. Махватованың қорытындысына сүйенсек, айыпталушыға қатысты жаза жеңілдетілген.

«Осындай шешім қабылдауға айыпталушының кінәсін толық мойындағаны сеп болды. Бұл соттың оң шешім қабылдауына әсер етті», - дейді прокурор.

Дереккөз: Baq.kz

29 наурыз 2017, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.