Атырау, 19 сәуір 12:18
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Шымкенттегі «биші» тәрбиешілер жазаға тартылды

Бейнежазба
2 745 просмотра


Шымкенттегі «биші» тәрбиешілер тәртіптік жазаға тартылды. Қалалық білім бөлімінің басшылығы әлеуметтік желіде таралған бейнетүсірілімге байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, ол қай мектепке дейінгі мекеме екенін анықтаған. Алайда қай балабақша екенін жария етпеді. Белгілісі, 5 тәрбиешіге қатаң сөгіс, мекеме басшысына сөгіс беріліпті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

«Салынған бейнематериал бойынша жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, түсірілген бейнематериал Шымкент қаласында орналасқан балабақшалардың бірінде орын алғаны анықталды. Аталған келеңсіз жағдай тәртіптік кеңесте қаралып, балабақша меңгерушісі мен қызметкерлерінің әрекеттері жан-жақты талқыланып, оларға тиісті тәртіптік шара қолданылды. Білім бөлімі алдағы уақытта осы сынды оқиғаларды алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіп, білім мекемелеріндегі моральдық ахуалды қатаң қадағалауға алатынын хабарлайды», делінген мәлімдемеде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

29 наурыз 2017, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.