Атырау, 24 сәуір 08:52
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Билік өкілеттіліктерін қайта бөлуге қатысты түзетулер мәжіліске түсті

2 830 просмотра

Нұрлан Әбдіров, мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
Парламент мәжілісінің қарауына бүгін "Билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңының жобасы түсті. Мәжіліс сонымен қатар "Билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын да талқылауға кірісті.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, алғашқы конституциялық заң жобасы саяси жүйені демократияландырып, биліктің атқарушы органдарының жауапкершілігі мен тиімділігін арттыру үшін даярланған.

Оның сөзінше, бұл заң жобасы аясында "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы", "Қазақстан Республикасының президенті туралы", "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы" заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

Екінші заң жобасында президенттің экономика, бюджетті жоспарлау және кәсіпкерлік қызмет салаларындағы құқықтық өкілеттіліктерін қайта бөлу қарастырылған. Бұл заң жобасы бойынша төрт кодекс пен 22 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

Дереккөз: Азаттық

29 наурыз 2017, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.