Атырау, 15 қазан 11:17
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Елбасының БАҚ өкілдерімен өткізген кездесуінің толық нұсқасы

Бейнежазба
2 372 просмотра


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың журналистермен кездесуінің толық видеосы шықты. Сұхбат 17 наурызда республикалық телеарналардан көрсетілген еді.

Кездесу барысында жемқорлардың атын жұртқа жариялаудан қорықпау керек. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі маңызды. Нұрсұлтан Назарбаев отандық және шетелдік журналистермен кездесуінде осылай деп айтты.

Мемлекет басшысы басқосуда қазіргі кездегі маңызды сұрақтарға жауап берді.

Мәселен, Президент «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдау аясында ел экономикасындағы трансформация үдерісін жүзеге асыру мәселесін көтерді. 

Сондай-ақ мемлекеттік тілдің болашағы да сөз болды. Елбасымен кездесуге «Хабар», «Қазақстан», «МИР» телеарналарының тілшілері мен «Айқын» газеті, «Қазақпарат» агенттігі және «Эсквайр» журналының журналистері қатысты. 

Бейсен Құранбек, журналист («Қазақстан» телеарнасы)

- Қазір көптің көкейінде біздің ана тіліміз көлеңкеде қалып қоймай ма? Мемлекеттік тілдің өрісі тарылып кетпей ме деген күмән, тіпті үрей бар. Сол үрейге негіз бар ма? 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Сол қорқыныш, үрей бар. Әсіресе үлкен буындарда, менің құрдастарымда. Тіліміз қайтадан келе жатыр еді, сол енді қалып қоймай ма деген үрей. Қазір қазақ тіліне қарсы Қазақстанда бір адам да жоқ. Кейбіреулердің «Президент барлық жерде қазақша сөйлемей, ол болмайды» деп айтатынын білемін. 100 ұлт пен ұлыс отыр. Соның барлығы Президентті сайлайды. Соның барлығы Президенттің сөзін түсінбесе, қалай болады? Сондықтан мен екі есе көп жұмыс істейтін адаммын. Орысша да, қазақша да. Бұл мәңгілік бұлай болмайды. Қазірдің өзінде қазақтың саны 70 пайызға жақындап келе жатыр. Мен айтқандай, 2025 жылға дейін дайындалып, біз қазақ тілін барлық жерге енгізуге жұмыс жасаймыз. Бірақ солай екен деп, басқа білетін тілдерден ажырап қалу – дұрыс емес.

Дереккөз: 24 Хабар

18 наурыз 2017, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.