Атырау, 15 қазан 11:19
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Қанат Ислам ЭКСПО-дағы бокс кешінде Канелоның чемпиондық атағына таласуы мүмкін

1 768 просмотра

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, кәсіпқой боксшы Қанат Исламның ЭКСПО-дағы жекпе-жегі чемпиондық атақ үшін болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен болған кездесуде Қанат Исламның демеушісі Бауыржан Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қанат қазір жалпы рейтингте үздік ондыққа кіріп отыр. Негізгі үш тұжырым бойынша әлем чемпионы атағына шыға алады. Бірақ оған дейін күтпей, биыл мамырда тағы да бір жекпе-жекті Америкада өткізуді жоспарлап отырмыз. Үлкен жерде өтуі керек. Қазір оны келісіп жатырмыз. Одан кейін Құдай қаласа, ЭКСПО-да жекпе-жек өткіземіз деп отырмыз. Бұл жерде негізгі деген үш тұжырымда әлем чемпионы атағына шығуға келісіп жатыр. WBO деген бар. Оның чемпионы Канело қазір жоғары кетіп жатыр, соның орнына WBO ұйымы Қанатты көргісі келеді. Канело кетсе, оның орнына чемпиондық атақ үшін таласты ЭКСПО-да Қанат түсуі мүмкін», - деп атап өтті ол.

Б. Оспановтың сөзінше, WBO-мен қатар, өзге де ұйымдармен чемпиондық белбеуге қатысты келіссөздер жүргізілуде. 

«Тағы екі тұжырым бар, WBA және IBF деген ұйымдар, осылармен де келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл салмақта әлемнің ең мықтылары тұр: Мейвезер, Канело, Пакьяо сияқты. Қанат енді сол тұжырымдар бойынша келісім жүргізуде. Құдай қаласа, мамыр айындағы жекпе-жек сәтті өтсе, олармен әлемдік чемпиондыққа таласатындай, келісімшартқа отыруға болады», - деді меценат. 

Айта кетейік, бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды және танымал кәсіпкер Бауыржан Оспановты қабылдап, ЭКСПО аясында Қанат Исламның кәсіпқой бокс кешінің күнін алдын ала жария еткен болатын. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 наурыз 2017, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.