Атырау, 23 желтоқсан 22:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстандағы екі жанармай құю бекетінде бензин қымбаттады

2 575 рет қаралды


Қазақстанның бірнеше жанармай құю бекетінде бензин бағасы қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Helios жанармай құю бекеттерінде АИ-92 мен АИ-95 1 теңгеге, яғни 142 теңгеден 143 теңгеге және 154 теңгеден 155 теңгеге қымбаттады. Ал АИ-98 165 теңгеге дейін қымбаттаса, АИ-98 Prime 173 теңгеге дейін қымбаттады. 

"Қазмұнайгаз" бекеттерінде АИ-92 бағасы 139 теңгеден 141 теңгеге жетіп, бірақ бұл жолы 143 теңгеге дейін қымбаттады. АИ-95 155 теңгеге дейін қымбаттаса, ал АИ-98 бұрынғыдай 162 теңге болып тұр. 

Sinooil, Royal Petrol мен "Лукойл" бекеттерінде бензин бағасы өзгеріссіз қалды. Sinooil-да АИ-92 143 теңге болса, АИ-95 - 155 теңге. Royal Petrol АИ-92 бензинін 140 теңгеден, АИ-95 155 теңгеден, АИ-98 бензинін 165 теңгеден сатып жатыр. Ал "Лукойл" болса, АИ-92 бензинін 145 теңгеден сатып жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

17 наурыз 2017, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.