Атырау, 20 сәуір 14:42
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Алматыда Әблязовтің сыртынан алдын ала сот тыңдауы басталды

1 753 просмотра


Алматыда бұрынғы банкир, қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязов пен "БТА Банкінің" бұрынғы топ-менеджерлерінің үстінен алдын ала сот тыңдауы басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Алдын ала тыңдау "БТА Банктің" директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов, банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов, бұрынғы басқарма төрағасы Сәдуақас Мамеш пен банктің несие беру бойынша бұрынғы директоры Қайрат Садықовтың үстінен басталды.

Алматының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында басталған алдын ала тыңдау ашық түрде өтіп жатыр. Тыңдауға Әблязовтің адвокаты Әжіғұлова, Жарымбетовтің Өстеміров, Мәмештің адвокаттары Клименко және Ким, Садықовтың адвокаты Тәңірберген, "БТА Банкінің" өкілі, айыптаушы үш прокурор қатысып жатыр.

Алдын ала тыңдау ашық болғанымен, айыпталушылар мен олардың адвокаттары өздерін суретке және видеоға түсіруге қарсы болды.

Сотта адвокат Әжіғұлова Әблязовтің қайда екенін білмейтінін айтты. Бұдан соң судья Мәртбек Кәкімжанов қатысушылардың барлығынан процесті Әблязовсіз жүргізуге қатысты пікірін сұрады. Сотты Әблязовтің сыртынан өткізуге ешкім қарсылық білдірмеді.

Дереккөз: Азаттық

17 наурыз 2017, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.