Атырау, 23 желтоқсан 21:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Астанадағы жылытылатын жаңа аялдамалар қанша тұрады?

2 447 рет қаралды

Астанадағы жаңа жылы аялдамалар жеке кәсіпкерлерге 20 мың долларға түспек. Бұл туралы Астана қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз байқау өткізіп, жылы аялдама кешендерін орнатуды бастаймыз. Бұл 100 пайыз жеке инвестиция болады. Аялдамалардың дизайнын ойластырып қойдық. Қазіргі уақытта инвесторларға прототиптерді орналастыруды тапсырдық. Бір ай ішінде толық дайын болады. Жылы аялдамалардың бірнеше түрі ойластырылды: жабық, ашық, қосымша сауда павильондары, полиция отыратын жер, дәретханалар. Осыларға сүйенсек, жылы аялдамаларды орнатуға 15-20 мың доллар қажет", - деді Бекмырза Игенбердинов. Оның айтуынша, жаңа аялдамаларға кететін шығын сауда павильондарындағы жарнама есебінен толықтырылады. Жыл соңына дейін 250 жылы аялдама орнату жоспарланып отыр. "Жалпы бұл бағдарлама бір жылға ғана арналмаған. Бүгінде бізде 3-4 жылда жылы аялдамамен қамтамасыз етуіміз тиіс 1500 аялдама кешені бар", - деді Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы.

Дереккөз:  Tengrinews.kz


16 наурыз 2017, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.