Атырау, 23 желтоқсан 21:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматы полициясы: Сәбиін сатпақ болған әйел ұсталды

Бейнежазба
2 628 рет қаралды

Алматыда жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйел ұсталды деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

АЛматы ІІд ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы Ерлан Оралбековтің сөзінше, екі баласы бар 22 жастағы әйел жаңа туған сәбиін 2 мың долларға сатпақ болып, сатып алатын адам іздеген. Полиция бұдан соң сәби сатып алушы ретінде шыққан адам онымен сәбиді 2 мың долларға сатып алуға келісіп, әйелді сату кезінде ұстағанын айтады. Әйел сәбиі үшін төленетін ақшаның бір бөлігін алдын ала алып қойған.

Бұл факт бойынша қылмыстық кодекстің 135-бабының 1 тармағымен ("кәмелетке толмағандар саудасы") іс қозғалған.


Дереккөз: АзаттықАзаттық

16 наурыз 2017, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.