Атырау, 19 сәуір 19:54
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Жалған терроризм" айыбымен сотталған мұғалімнің ісі тергеуге жіберілді

1 597 просмотра

Юрий Пак. Фото: Ratel.kz
Қарағанды облыстық сотының алқасы бүгін "жалған терроризм" айыбымен сотталған мұғалім Юрий Пактің және оның адвокаты Сергей Кимнің жаңа өтінішін қарады. Олар өтініште сот алқасын апелляциялық соттың алғашқы сот инстанциясының айыптау үкімін қолдаған қаулысын жоюды сұраған. Сонымен қатар адвокат жаңа белгілі болған жағдайларға байланысты сот өндірісін қайта бастауды да сұраған. Мұндай өтініш беруге таяуда Ресейден алынған тәуелсіз фоноскопиялық сараптаманың қорытындысы себеп болған. Адвокат мұғалімді "кінәсіз" деуден танбайды. Прокурор соттан өтінішті ішінара қанағаттандыруды сұрады. Сотқа қамауда отырған Юрий Пак қатыспады.

- Жаңадан белгілі болған жағдайларға байланысты сот өндірісін қайта бастау туралы өтінішті тексеру және тергеу жүргізу үшін прокуратураға жіберу керек. Апелляциялық сот алқасының 2016 жылдың 29 қарашасында шығарған қаулысын жою өтінішіне қатысты сот бұған әлі ерте деп санайды, - деді сот алқасы.

Бүгінгі сотта Ресейдің Ростов қаласының сот сараптама орталығы сауда орталығына бомба жасырылғаны туралы хабарланған аудиожазбадағы дауыс Юрий Пактікі емес деген қорытынды жасаған. Сарапшылар аудиожазбаның өзінде өңделгені және өзгертілгені туралы белгілері барын айтқан.

- Ресейлік сараптама қорытындысында екі субъект - қастық ойлаушы мен менің қорғауымдағы адамның сөздерінде кемістіктер бар. Қастық ойлаушының сөзі мұрын астынан шығады, ал Юрий Пактің сақауланып сөйлейді. Бұл - дауыс кемістіктері бір-бірінен мүлдем бөлек, оларды шатастыруға болмайды. Біз сонымен қатар Samsung корпорациясына телефонның техникалық параметрлерін сұрап өтініш білдірдік. Компания екі жақты түсініктеме бермейтінін айтып, кесімді жауабын берді. Бірақ компанияның жауабын тек кейін келтіре аламын, сондай шарты бар, - деді Сергей Ким.

Юрий Пактің әйелі Ольга Пак кең ауқымды тергеу жүргізіледі және тергеу Ресейде жасалған сараптама қорытындысын ескереді деп үміттенетінін айтты.

Қарағанды соты 2016 жылы қазанда физика пәнінің оқытушысы Юрий Пакты қалалық орталық сауда үйіне бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат берді деп айыптап, екі жылға соттаған. Кейін рақымшылық заңы бойынша Юрий Пактің өтелмеген жаза мерзімі бес ай 10 күнге қысқартылды.

Дереккөз: Азаттық

15 наурыз 2017, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.