Атырау, 15 қазан 09:34
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Ақтауда сарбаз өліміне қатысты тергеу басталды

2 780 просмотра

Ақтауда сарбаз өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Бас әскери прокуратура. 

«10 наурыз күні шамамен 16:00-де Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің санитариялық торап ғимаратында қатардағы жауынгер М.А. Шишімбаевтың мәйіті табылды. Оның басынан АК-74 автоматының оғы тиген», делінген хабарламада. 

Сол күні ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы аталған фактіні ҚР ҚК 105-бабы, 1-бөлімі бойынша («Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу») Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы бақылауға алынды. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, марқұмға қатысты сот психологиялық-психиатриялық зерттеулер де жүргізу көзделіп отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат


15 наурыз 2017, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.